Жамбыл облысында карантин күшейтілді

Жамбыл облысында карантин күшейтілді, - деп хабарлайды Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Алматы, NEGE. "Карантинді ұзарту тәртібі мен мерзімі коронавирус инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгертілуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өсім көрсеткіші жоғары өңір әкімдіктеріне карантин шараларын күшейту мәселелерін пысықтауды тапсырған болатын. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова халықтың санитарлық нормаларды сақтамауы нәтижесінде коронавирус жұқтырғандардың өсімі байқалатынын атап өтті. Байланыста болған адамдар арасында, әсіресе отбасында жұқтыру жағдайлары жиілеп кетті.

Одан бөлек, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында шектеу шаралары күшейтілді.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді