Жамбыл облысында қар жауды

Жамбыл облысында жаздың ортасында қар жауды. Табиғи құбылыс Меркі ауылынан 80 шақырым жерде Қырғыз елімен шекаралас аумақта тіркелген, деп хабарлайды «Хабар-24».

Aлматы, NEGE. Қар 2 мың метр биіктікте орналасқан Әулиекөл елді-мекенінің тұрғындарын біраз әбігерге түсірді. Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы 0 градусқа дейін төмендеп кеткен. Мамандар оны солтүстіктен арктикалық суық ауа массаларының келуімен байланыстырып отыр.

Мамандардың айтуынша, бұл таулы аймақ үшін қалыпты жағдай. Ал жақын күндері ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, күн қатты ысиды деп күтілуде.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі