Жамбыл облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі бала суға батып кетті

Жамбыл облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі бала суға батып кетті, деп хабарлады ТЖМ.

Алматы, NEGE.2023 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00 шамасында Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін алып шықты.

Ересектердің қарауынсыз қалған балалар ойнап жүріп, суға батып кеткені анықталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.