Жамбыл облысында әскери қызметкер суицид жасады

Жамбыл облысындағы Гвардиялық гарнизон әскери бөлімінде офицер өз-өзіне қол жұмсады.

Алматы, NEGE. «22 қарашада Гвардиялық гарнизонның әскери бөлімінде офицер А. өз-өзіне қол жұмсады. Марқұмнан хат табылды», - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Тергеу мүддесі үшін, сондай-ақ туыстарының өтініші бойынша басқа мәлімет жария етілмейді», - деп толықтырды Қорғаныс министрлігі өкілдері.