Жамбыл облысында 60-тан астам адам қар құрсауынан құтқарылды
Олардың 53-і Жуалы ауданындағы жылыну бекетіне, қалғаны үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы. NEGE. Аймақта қарлы боран салдарынан 2 тасжол жабылған еді. Бірі – республикалық маңыздағы «Алматы – Термез – Ташкент» бағытындағы көлік дәлізі. Сондай-ақ «Тараз – Қаратау – Жаңатас» бағытында да көлік қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы облыс тұрғындарына смс-ескерту жіберіліп, әлеуметтік желіде хабарлама жасалды. Қазіргі уақытта 9 арнайы техника жолдарды қардан аршып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ахуал тұрақталғанша, көлік жүргізушілеріне алыс сапарға шықпауды ескертеді.
Мақсат Қосыбаев, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:
- Шұғыл автокөлік жіберіліп жатыр. Ондағы мақсат – жолда қалған жолаушыларға 50-ден аса автокөлік , жүк көлігі және 20-дан аса жеңіл автокөлік жиналып тұр.Осы жолда қалған жолаушыларды жедел теміржол вокзалына және өздері қалаған бағытта, жылыту пунктіне жеткізу мақсатында осы қосымша күштер ұйымдастырып отырмыз.