17 ноября 2023 г. 14:52

Жамбыл облысында 60 тонна күкірт қышқылы заңсыз сақталған

Фото:

3 күн ішінде "Дәрмек" ЖПІШ барысында ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 8 есірткі қылмысын анықтады, заңсыз айналымнан түрлі есірткі құралдарының 28-ден астам түрі тәркіленді.

Алматы, NEGE. Тараздағы зауыттардың бірін тексеру барысында 59 тонна күкірт қышқылы бар цистерна табылып, тәркіленді. Құжаттарға тексеру жүргізіліп жатыр.

- Үш күннің ішінде 1680 таблетка, 5 келі улы заттар және 59 тонна күкірт қышқылын тәркіледі. 9 әкімшілік хаттама толтырылды: ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзу) бойынша – 8 және ҚР ӘҚБтК-нің 424-бабы (Заңсыз Медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет) – 1, сондай-ақ 32 дәріхана, 7 медициналық мекеме және 3 кәсіпорын тексерілді, - деп хабарлады ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Тегтер: