Жамбыл облысында 2 жасар сәбиді пойыз басып кетті

Жамбыл облысында 2 жасар бүлдіршін темір жолға жүгіріп шығып, пойыз астына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды 'Қазақстан темір жолы” АҚ.

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай болған кезде сәби темір жолда жалғыз жүрген. Оқиға 4 наурыз күні Жамбыл облысындағы Малдыбай станциясында болған. 

"Трагедия орын алған кезде бала үлкендердің қарауынсыз қауіпті аймақта болған. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, отбасы темір жолға жақын маңда тұрады", - деп хабарланды мекеменің баспасөз қызметінен.

ҚТЖ көз жұмған баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.