Жамбыл облысында 11 көлік соқтығысты

Жол апаты «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолында болған.

 Алматы, NEGE. Жамбыл облысында он бір автокөлік соқтығысып, салдарынан бірнеше адам ауруханаға түсті. Желіде Жамбыл облысындағы тас жолда болған ірі апаттың видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер саны оннан асып кеткен.

Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 30 тамыз «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 393-ші шақырымында Алматы бағытында болды. Бір мезетте он бір автокөлік соқтығысқан. Салдарынан бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді