Жамбыл облысына жаңа әкім келді

Жамбыл облысының әкімі болып Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми

сайты хабарлады.

Аcтана, NEGE. «Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», - делінген Президенттің 2022 жылғы 7 сәуірде қол қойған № 858 жарлығында.

Десе де, бұрынғы әкім Бердібек Сапарбаевтың қызметтен кеткені және қайда баратыны жөнінде хабар әзірге таралған жоқ.