Жамбыл облысы тұрғынынан 12 келіге жуық гашиш тәркіленді

Қарағанды қалалық ПБ-ға қала орталығында білгісіз бір азаматта аса ірі көлемде есірткі затының сақталып тұрғаны туралы ақпарат түсті.

Алматы, NEGE. Криминалдық полиция және есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері бірқатар кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.

Жүргізілген кешенді операция барысында есірткі сақтады деген күдікпен 32 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Оның тұрғылықты жеріне тексеріс жұмыстары барысында жалпы салмағы 11 кг 865 гр қорапқа салынған есірткі заты тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат гашиш екені анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті УҰИ-на қамалды,-деп хабарлады Қарағанды Қалалық ПБ-ның бастығы Шахназар Салин.