Жамбыл облысы: Төрт түлік саны 4 миллионнан асты

Жамбыл облысында мал басы 5,3 пайызға өскен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Берік Нығмашев баяндады.

Алматы, NEGE. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімі 273 млрд. теңгені құрап, 103,4 пайызғаға өскен. Оның ішінде егін шаруашылығы өнімі 164,9 млрд. теңгеге өндіріліп, 104,7 пайызға артты. Ал, мал шаруашылығында 106,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріп, 101,6 пайызға артып отыр.

«Аймақтағы төрт-түліктің саны 3,9 млн. басқа жетіп, 5,3 пайызға артқан. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығына 22,5 млрд. теңге инвестиция салынып, өсім 103,9 пайызға дейін жетіп отыр. Бүгінгі күнге жоспарланған 359,3 мың гектар дәнді масақты дақылдары орылып, барлығы 817 мың тонна дән бастырылды. Орташа өнімділігі әр гектардан 22,7 центнерді құраған», – дейді Берік Нығмашев.

Айта кету керек, ағымдағы жылы су үнемдеу технологиясы 30 мың гектарға ендіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда 10 мың гектарға артқан.

Қазір оқып жатыр

«Екінші үйім»: ДДСҰ басшысы Қазақстанға қонаққа келіп, қазақша ән шырқады

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды