15 августа 2022 г. 11:53
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы алаяқтық үшін сотталды
2020 жылдың қыркүйек айында Джапаров субсидия төлеу заңдылығы бойынша оңтайлы аудиторлық есеп беруге ықпал еткені үшін кәсіпкерден 3 млн.теңге алған, деп хабарлайды Антикор.
Алматы, NEGE. "А.ж 12 тамызында Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Джапаров алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, оған 45 млн.теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.