Жамбыл облысының тұрғыны күйеуін қызғанғаны үшін 544 мың теңге айыппұл арқалады

Жамбыл облысы Сарысу аудандық сотында әлеуметтік желілерді пайдаланып, жала жабу фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

pixabay.com

Астана, NEGE. Облыстық сот таратқан мәліметке қарағанда, аудан тұрғыны күйеуімен байланысы бар деп күдіктеніп, TikTok-та бір әйелдің суретін жариялап, қорлайтын сөздер жазған. Жәбірленуші бұл әрекеті үшін оны сотқа берді.

Ол заңды некеде тұратынын және алты баласы бар екенін айтып, айыпталушының бұл ісі оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргенін жеткізді. Сондай-ақ жәбірленуші бұл жағдайдың отбасылық қарым-қатынасына әсер етіп, өзі мен балаларының моральдық тұрғыдан зардап шеккенін алға тартып, соттан тиісті жаза тағайындауды сұраған. 

Істі қарау кезінде айыпталушы әйел кінәсін мойындап, мұндай әрекетке ашу үстінде барғанын айтты. Сараптама қорытындысы да жариялымдарда ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлайтын сөздер мен мәлімдемелердің бар екенін растады.

«Сот қаулысымен С. кінәлі деп танылып, оған 544 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды», – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді

Талғарда 20 жастағы жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды