Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары сотталды

Тараз қалалық соты Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С. Шаушенова мен бас бухгалтер А. Достаеваға қатысты үкім шығарды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Олар «Қайрат Құрылыс-ҚК» ЖШС аффилирленген кәсіпорнына жалған құжаттар бойынша заңсыз аудару жолымен 758 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар, бас дәрігердің орынбасары қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша сотталды.

Сот үкімімен Шаушенова 9 жылға, Достаева 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Сонымен қатар, сотталғандар қаржылық қызметке байланысты лауазымдарды 10 жыл мерзімге атқару құқығынан айырылады. 

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?