18 сентября 2025 г. 11:04
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 19 жастағы сарбаздың мәйіті табылды
Маттыбұлақ ауылында орналасқан 01098 әскери бөлімінде 19 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Дінмұхаммед Шынарбек асылып тұрған күйінде табылды. Әскерилер бұл жағдайды суицид деп хабарлағанымен, марқұмның туыстары мұндай нұсқаға сенбейді.
Алматы, NEGE. Қайтыс болған сарбаздың әпкесі Еңлік Қалтаеваның айтуынша, Дінмұхаммед осы көктемде егізі Даниялмен бірге әскерге шақырылған. Олар Отар гарнизонында қатар қызмет етуді қалаған, алайда біраз уақыттан кейін бауырларды бөлек бөлімдерге жіберген.
29 тамызда Дінмұхаммед 19 жасқа толған. Туыстары оны еңбекқор, мейірімді әрі болашаққа үлкен жоспарлары бар жігіт ретінде еске алады.
Марқұмның отбасы қайғылы жағдайдың мән-жайын әділ тергеуді сұрап, Президентке өтініш білдірді.