Жамбыл облысында зират қоршауын ұрлағандар ұсталды

Жамбыл облысында зират қоршауын қолды қылған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция

Алматы, NEGE. 2024 жылдың 26 қазанында Тұрар Рысқұлов ауданында екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлау кезінде ұсталды.

ҚР ҚК-нің 24-бабы (Қылмысқа оқталу) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер 33 жастағы Жамбыл ауданының және 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғындары екені анықталды.

Тергеу барысында күдіктілердің бұрын жасалған Талас ауданы маңындағы зират қоршауларын ұрлау дерегіне қатыстылығы белгілі болды.

Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Brent мұнайының баррелі 103,91 долларға дейін өсті

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді

Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады

Полицейлер «Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлеріне ескерту жасады