Жамбыл облысында жүргізуші өз көлігінің астына түсіп, мерт болды

Оқиға 30 шілде күні Қордай ауданына қарасты Кенен ауылының маңында тіркелген.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «ГАЗ-33023» пен жол жиегінде тұрған «КамАЗ-5511» маркалы жүк көліктері соқтығысқан. «Газельдің» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші еңіс жолда ұйықтап кетіп, тұрақта тұрған жүк көлігіне соғылған. Соққы салдарынан алдыңғы әйнек арқылы сыртқа ұшып кеткен оны өз көлігі басып өткен.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?