Жамбыл облысында жер сілкінісінен 17 әлеуметтік нысан бүлінген

Үкіметтік жұмыс тобы жер сілкінісі болған аудандарға барды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармен кездесті. Баспаналары зардап шеккендерге атаулы көмек көрсетілетіндігі айтылды. Бүлінген ғимараттардың ішінде 11 білім беру, 2 денсаулық сақтау, 2 әлеуметтік қорғау, 1 спорт және 1 мәдениет нысаны бар. Сондай-ақ 104 тұрғыннан баспаналарына зақым келгені туралы арыз-шағым түскен.

Тұрғын үйлерді тексеру және шығын көлемін анықтау жұмыстары жалғасуда.

Еске салайық, 28 наурыз күні Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелген еді.

Қазір оқып жатыр

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты