17 августа 2024 г. 16:10

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам көз жұмды

Фото: aikyn.kz

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатында екі полицей мен төрт жолаушы көз жұмды, деп хабарлады 24kz.

 Алматы, NEGE. «Меркі – Шу – Бурылбайтал» тасжолында Toyota Alphard қарсы жолаққа шығып кетіп, патрульдік көлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

Шағын автобуста жүргізушімен қоса 7 жолаушы болған. Төрт адам оқиға орнында қаза тапса, қалғаны түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Ал қызметтік көлікпен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тасжолды күзетіп жүрген марқұм полицейдің бірі 11 баланың әкесі болған.

Нұржан Рахметуллаев, ПД бастығының орынбасары:

 - Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеп-тексеру амалдары жүргізлуде. Осы қайғылы оқиғада қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.