Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Қазақстан Үкіметі 21 сәуірде «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағын құру туралы қаулы қабылдады.

7kun.kz

Астана, NEGE. «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағы Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан. Аумағы – 165 гектар.

Құжатта арнайы экономикалық аймақты құрудағы негізгі мақсат – инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру екені көрсетілген.

Басым бағыттар қатарында өңдеуші өнеркәсіп, соның ішінде химия, мұнай-химия және металлургия салалары, жоғары қосылған құны бар өнім өндірісі, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін дамыту бар. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуден бастап, сақтау және логистикаға дейінгі толық тізбекті қамтиды.

Сонымен қатар сауда-логистикалық және тарату орталықтарын құру, машина жасау, электротехника және электроника өнеркәсібін дамыту жоспарланған.

АЭА құрамына 100 гектар өндірістік аймақ және 65 гектар сауда-логистикалық аймақ кіреді.

Аймақ аумағында арнайы құқықтық режим енгізіледі, оның ішінде еркін кедендік аймақ рәсімі де қолданылады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?

«Екінші үйім»: ДДСҰ басшысы Қазақстанға қонаққа келіп, қазақша ән шырқады