Жамбыл облысында жалған террорист ұсталды

Наркологиялық диспансерде бомба туралы хабарлаған ер адам қамалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. 8 сәуірде сағат 16.00 шамасында Меркі аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінде жарылғыш құрылғының орнатылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Тексеру барысында бұл ақпарат расталмады.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы ауданның 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол есірткіге мас күйде қоңырау шалғанын мойындады.

Ұсталған адам бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған және есірткіге тәуелді ретінде есепте тұрған. Өткен жылы жоғарыда аталған наркологиялық диспансерде мәжбүрлі түрде стационарлық емдеуден өткен.

Қазіргі уақытта терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды