20 апреля 2025 г. 18:17

Жамбыл облысында үш бала газдан уланып көз жұмды

Фото: ғаламтордан
Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр. 

Алматы, NEGE. Бұл туралы Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл туралы Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

— 19 сәуірде Меркі аудандық ауруханасына көмірқышқыл газына уланған үш жасөспірім (2017 жылғы, 2019 жылғы және 2021 жылғы) жеткізілді. Өкінішке қарай балалар ес-түссіз, есін жимаған күйде көз жұмды, — делінген Меркі ауданы әкімдігі хабарламасында. ⠀

Алдын ала тергеу мәліметінше, үйге оралған анасы газ иісін байқап, қыздарын ауруханаға жеткізуге әрекеттенген.

19 сәуір күні аталған факті «Адам өлу» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Әкімдік мәліметінше марқұм балалардың отбасына бұған дейін әлеуметтік көмек тұрақты көрсетілген. Анасы 2025 жылғы қаңтардан бастап тұрақты жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр.

— 20 сәуір күні аудан әкімдігінің қолдауымен Ойтал ауылдық округінде жерлеу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда, — делінген хабарламада.