Жамбыл облысында тойдың қазысы мен тойбастарын ұрлаған ер адам ұсталды

Жамбыл облысында тойдың қазысы мен тойбастарын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Меркі ауданында полиция қызметкерлері тұрғын үй жайларға ұрлық жасаған күдіктіні анықтады. Ер адам тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук және басқа да құнды заттарды жасырын ұрлаған.

Сондай-ақ, басқа тұрғын үйдің қоймасынан азық-түлік (жылқы қазысы), тойбастар сыйлықтарын және өзге де заттарды ұрлап кеткені белгілі болды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 39 жастағы ер адам ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің тұрғын-жайға заңсыз кірумен жасалған ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді