Тойда сәлем салмаудан басталған жанжал сотқа жетті

Жамбыл облысында тойда сәлем салмаудан басталған отбасылық жанжал сотқа жетті. Іс Жуалы аудандық сотында қаралды.

Gov.kz

Астана, NEGE. Мейрамханада өткен үйлену тойы кезінде күйеуі әйелінен қазақтың көне дәстүрі бойынша өзінің үлкен әпкесіне сәлем салуды өтінген. Ал әйелі бұл өтінішті орындаудан бас тартқан. 

Үйге қайтқан соң ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, ер адам әйеліне дөрекі сөздер айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, күйеуі тіпті қайын енесіне қоңырау шалып, қызы мен немерелерін алып кетуді талап еткен.

Оқиға сотқа жетті. Ер адам кінәсін толық мойындап, әйелінен кешірім сұраған.

Қос тарап медиация арқылы татуласқандықтан, олар соттан істі тоқтатуды сұрады.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады