Жамбыл облысында ірі жол апатынан екі адам қаза тапты

Жамбыл облысында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Toyota Land Cruiser 200 маркалы жол талғамайтын көлік жоғары жылдамдықпен келе жатып аударылып кеткен. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, тағы екі адам түрлі жарақаттармен Шу аудандық ауруханасына жеткізілді.

Жамбыл облысы ПД

АЛМАТЫ, NEGE. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 299-шақырымда, республикалық маңызға ие «Алматы – Екатеринбург» автожолында, таңғы сағат 8:50 шамасында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, көлік тізгінінде болған жүргізуші – Қарағанды облысы жағынан Алматы бағытына қарай келе жатқан әйел адам – рөлге ие бола алмай, жол апатына себеп болған.

— Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі («Көлік құралдарын жүргізу қағидаларын бұзу немесе оларды пайдалану ережелерін сақтамау, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда көлік арнайы айып тұрағына қойылып, оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина ресми түрде алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанды

15 наурыз Конституция күні болып белгіленді, ал жазда Парламент сайлауы өтеді

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді