Жамбыл облысында полицей қызмет орнында өзіне оқ атқан

Полицейдің мәйіті 12 ақпан күні кешке Тараздан бес шақырым жердегі Жасөркен ауылында табылды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Аудандық ГРЭС бекетінде 2003 жылы туған полиция сержанты өз-өзіне қол жұмсады.

Полиция департаменті Арнайы қызмет көрсету бөлімі қызметкерінің қайтыс болғанын растады.

«12 ақпанда ГРЭС бекетінде 2003 жылы туған Арнайы қызмет көрсету бөлімінің полиция сержанты қызметтік тапаншасымен басына оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады», – делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады

Оскар–2026: марапат иегерлері анықталды

Елена Рыбакина ресми түрде алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанды

15 наурыз Конституция күні болып белгіленді, ал жазда Парламент сайлауы өтеді