Жамбыл облысында полицей әріптесіне оқ атты

Жамбыл облысында полиция қызметкерінің әріптесіне оқ атқанына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «16 қарашада патрульдеу кезінде қызметтік автокөлікте қаруды абайсыз пайдалану салдарынан бір қызметкер екіншісінің арқасына кездейсоқ оқ атты. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Мәліметтерге сәйкес, жәбірленуші Қордай аудандық ауруханасына жатқызылды.

Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіп жатқаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр