4 сентября 2025 г. 11:52

Жамбыл облысында өз туған қызын зорлаған ер адамға сот үкімі шықты

Фото: ғаламтордан

Оқиға биыл 25 сәуірде Қордайда болған.

Алматы, NEGE. Ер адам үйіне мас күйде келіп, 6 жасар қызына зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Сотта жәбірленуші тарап сотталушыға кешірім бермеді. Оған заң бойынша жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, өмір бойына сотталды. Жәбірленушілерге моральдық зиян ретінде 5 миллион теңге өтейтін болды.