Жамбыл облысында оқушының өліміне қатысты екі жасөспірім ұсталды

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 17 және 16 жастағы екі күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция

Алматы, NEGE. Оқушы жанжал кезінде қаза тапқан. Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта істі толық, объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді