Жамбыл облысында мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланды

Жамбыл облысында Б.Момышұлы ауылында орналасқан 2 қабатты мейрамханадан өрт шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Құтқарушылар 250 адамды эвакуациялады. Нақтыланған мәліметтер бойынша екі қабатты мейрамхананың шатыры жанып, 400 шаршы метр алаңдағы 2-ші қабаттың шағын залына көшкен.

Оқиға орнында ТЖД бастығының басқаруымен өрт сөндіру штабы құрылды. Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 60-қа жуық адам, жедел құтқару жасағы, АМО, ТДЖ психологтары және 12 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі ауруханаға жатқызылып, көмірқышқыл газымен уланған үш адам дәрігерлердің бақылауында.

Өрттің себебі анықталуда.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды