Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды

Жамбыл облысында полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген әйелді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қырғызстан Республикасының 43 жастағы азаматшасын ұстады.

Әйел адам 2023 жылдың қараша айынан бастап Өзбекстан Республикасы қылмыстық кодексінің 169-бабы 2-бөлігінде (Ұрлық) көзделген қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған. Ол Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумағында зергерлік дүкендерден алтын бұйымдар ұрлаған. Біздің елдің аумағында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды және Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ІІБ қызметкерлеріне берілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады