Жамбыл облысында мектеп оқушысын әкесінің туған бауырлары зорлап келген

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 13 жастағы қыз баланы әкесінің туған екі бауыры зорлаған. Оларға сот үкім шығарды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Екі ер адамға ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі – «Кәмелетке толмаған баланы зорлау» бойынша айып тағылып, кінәлі деп танылды. 

35 жастағы өмір бойына бас бостандығынан айырылса, 37 жастағы екіншісі ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша 20 жылға сотталды.

Аталмыш қылмыстың беті қыз бала жүкті болып қалған кезде ашылған. Ағалары қызды 6 жасынан бастап зорлап келген. Жәбірленуші 13 жасында зорлаушылардан жүкті болып, бала туды. 

Жүктілігіне қарамастан, ол мектепке барып жүрген, мұғалімдер де ештеңе байқамаған. Зардап шеккен қыз оқыған мектептің қызметкерлеріне қатысты балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр