Жамбыл облысында мектеп оқушысы әлімжеттіктен қайтыс болды

Құмжота ауылында сегізінші сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушысынан таяқ жеп қайтыс болды, деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тоғызыншы сынып оқушысы басқа оқушыны көшедегі әжетхананың жанында күтіп тұрған. Ол оның өкпесінен ұрып, төбелестің соңы өліммен аяқталды.

«Оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция.

Облыстық полиция департаменті мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты да қылмыстық іс қозғады. Олар «Балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау» бабы бойынша іске тартылған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді