Жамбыл облысында мас жүргізушінің полициядан қашқан сәті видеоға түсіп қалды

Жамбыл облысында мас жүргізушіні қуған полицейлердің бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

полиция

Алматы, NEGE. Патрульдеу кезінде полиция батальонының қызметкерлері сағат 03:10 шамасында Батыс Еуропа - Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолының 162-шақырымында жүргізуші қауіпті маневр жасаған Kia K5 көлігін байқаған. Полицейлер көлікті тоқтатуға тырысқан, бірақ жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабын елемей, жылдамдықты арттыра түскен.

Басқаларға қауіп төндірмеу үшін полицейлер көлікті қууға мәжбүр болды. Тараз қаласынан Алматыға бет алған 36 жастағы жүргізуші полициядан жасырынуға тырысып, патрульдік көлікпен соқтығысты. Көп ұзамай құқық бұзушы ұсталып, Қордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Оған қатысты ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талабын орындамағаны, апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан жол ережесін бұзғаны, міндетті сақтандыру жасамағаны, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылды.

Жол -көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан