Құтқарушылар қамыс арасында қалып қойған аңшыға көмектесті

Бүгін Жамбыл облысы, Әулиекөл көлінде аңшыны қайығымен екпінді жел қамыс арасына алып кетіп, ол өз бетінше жағаға шыға алмай қалған. Құтқарушыларға басқа аңшы көмек сұрап хабарласты.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Құтқарушылар арнайы сүңгуірлік киімдерін киіп, көлдің ортасында қалып қойған 1959 жылғы азаматты жағаға шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Ер адам қатты тоңып, аяқ-қолдары жансызданған, себебі желдің жылдамдығы 30 м/с-қа дейін жетіп, көлде толқын биіктігі 1-1,5 метрге дейін көтерілген.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді