Жамбыл облысында қатты жел үйлердің шатырын жұлып кетті

6 ақпанда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қатты жел соғып, бірнеше нысанға зақым келген.

Видеодан скрин/instagram/taraz_life

Астана, NEGE. Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, желдің екпіні 32 м/с-қа дейін жеткен. Салдарынан бірінші, үшінші және төртінші шағын аудандардағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры ұшып кеткен. Кейбір пәтерлердің терезесі сынып, ағаштар құлаған, автокөліктерге де зақым келген.

Бұдан бөлек, Бейбітшілік көшесінде орналасқан ту тұғыры құлап, аудан аумағында электр жарығы уақытша сөнген.

Әзірге зардап шеккен тұрғындар туралы ақпарат тіркелмеген.

«Оқиғаға байланысты аудан әкімдігінде жедел штаб құрылып, зерделеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты», – делінген әкімдік хабарламасында.

Аймақтағы жағдайды облыс басшысы Ербол Қарашөкеев жеке бақылауына алды.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр