Жамбыл облысында қызметкерлерін балағаттаған полиция бастығы қызметінен шеттетілді

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин таспаланған видео тараған болатын.

gov.kz

Алматы, NEGE. Онда оның қарамағындағы қызметкерге боғауыз сөз айтып, тілдегені түсірілген. Аталған видеоға байланысты департамент бастығы Армианбек Баймурзин қызметінен босатылды.

«Жамбыл облысы ІІД бастығының қатысуымен түсірілген бейнероликтің негізінде Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Облысқа Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментінің бастығы мен ішкі қауіпсіздік қызметінің өкілдері жолданды. Қызметтік тергеу кезеңінде облыстың ЖП бастығы А.Баймырзин қызметінен босатылды», – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Brent мұнайының баррелі 103,91 долларға дейін өсті

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді

Полицейлер «Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлеріне ескерту жасады

Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады