Жамбыл облысында екі оқушының мәйіті табылды

Қайғылы жағдай Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауылдардың бірінде болған.

depositphotos.com

Астана, NEGE. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растап, суицид болғанын мәлімдеді.

«Қордай ауданында орын алған өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Nege.kz-ке ведомство өкілдері.

Полиция қызметі Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеп, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын алға тартты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді

Науқастарға тегін берілуі тиіс дәрілер сатылымға шығарылған

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды