Жамбыл облысында бірнеше рет мал ұрлап, сойып сатқандар анықталды

Жамбыл облысы полиция қызметкерлері "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында қылмыстық топтың іс-әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция

Алматы, NEGE. Олардың алдын ала сөз байласу арқылы Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағындағы жайылымдардан бірнеше рет жылқы ұрлап, содан кейін оларды сойып, сатумен айналысқандары белгілі болды.

Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ олардың бұдан басқа 4 мал ұрлау дерегіне қатысы бары және ұрланған 5 жылқыны сойып сатқаны анықталды. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады

Оскар–2026: марапат иегерлері анықталды

Елена Рыбакина ресми түрде алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанды

15 наурыз Конституция күні болып белгіленді, ал жазда Парламент сайлауы өтеді