Жамбыл облысында балаларды көлікке байланған шанамен сырғанатқан жүргізушіге айыппұл салынды

 Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.  

polisia.kz

Алматы, NEGE. Қаратау қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қауіп төндіре отырып, балалар отырған шананы көлікпен сүйреген жүргізушінi анықтады.

“Құжаттарын тексеру кезінде ер адамның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды. Ал оның жолаушылары кәмелетке толмаған жас балалар болған. Өзінің жауапсыз және қауіптi әрекеті үшін құқық бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл салынды”, – делінген полиция хабарламасында.

Жасөспірімдердің ата-аналары кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 36920 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина ресми түрде алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанды

15 наурыз Конституция күні болып белгіленді, ал жазда Парламент сайлауы өтеді

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді