Жамбыл облысында балабақшада инфекция жұқтырған 10 бала ауруханаға түсті

2025 жылдың 17 наурыз күні Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне Меркі ауылы Ойтал учаскесі «Нұрай» балабақшасының 10 тәрбиеленушісі келіп түскен.

Pixabay

Алматы, NEGE. Оның ішінде 9 балада ішек инфекциясы, 1 балада энтеровирусты инфекция анықталды. ​​1 бала жансақтау бөліміне ауыстырылған, жағдайы бірқалыпты (оң нәтижелер байқалуда).

Осыған байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жұмысшы топ құрылып, әр баланың жағдайымен танысып, тексеріс жүргізіп жатыр. Аурудың неден шыққаны анықталуда.

Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен тексеру жұмыстары басталып, сынамалар алынған, қорытындысын күтіп отыр.

Аталған бөбекжай жұмысы екі күнге тоқтатылып, ата аналарға ескертілді. ​​​Құзырлы органның тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады. ​​

Ахуал тұрақты, жағдай бақылауда.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды