Жамбыл облысында бағалау жөніндегі үкіметтік топтың жұмысы жалғасуда

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Жамбыл облысында жұмысын жалғастырып жатыр, деп жазды kazinform.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Екінші күні мамандар зардап шеккен аудандарға, яғни Меркі және Т.Рысқұлов атындағы ауданға тексеру жүргізіп, арнайы комиссиялардың есептерін тыңдады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттардың зақымдану дәрежесі туралы мәліметтерді ұсынды.ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев өңірде орнатылған сейсмологиялық станциялар мен датчиктердің жұмысы туралы баяндады. Олар жер асты дүмпулерін тіркеп, сейсмикалық белсенділікті талдауға көмектеседі, бұл тәуекелдерді уақтылы бағалауға мүмкіндік береді.

— Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Мамандар залалды бағалауды жалғастыруда және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр, — делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты