Жамбыл облысында атыс болып, төрт адам жарақаттанды

Оқ жарақатын алған төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Жамбыл облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, зардап шеккендер травматикалық қарудан жарақат алған. Оқиға кеше кешкі уақытта болған, шамамен сағат 21:30-да төрт жаралы адам Мойынқұм аудандық ауруханасына жеткізілген.

– Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша (Екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу, адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе бұзақылық ниетпен жасалған) қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру және тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?