Жамбыл облысында әскери қызметкер асырап алған ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Жамбыл облысында әскери қызметкер 10 жастағы асыранды ұлын өлтірді деген күдікке ілінді.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Ер адам бірден ұсталып, істі әскери-тергеу басқармасы тергеп жатыр.

Бала өлімі Талас ауданының бір ауылында мамырдың аяғында болған. Күдікті ретінде 35 жастағы әскери қызметкер – баланың асыранды әкесі ұсталды. Қайғылы оқиға күні нақты не болғаны тергеу мүддесіне байланысты жария етілмей отыр. Отбасында бес асыранды бала болғаны және олардың тек бірнеше ай бұрын ғана алынғаны анықталды. Бала қаза тапқаннан кейін қалған балалар да отбасыдан алынған.

«Қазіргі уақытта олар мемлекеттік мекемеде. Тергеуді әскери қызметкер қылмыс жасады деген күдікке ілінгендіктен, әскери-тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Балалардың қазіргі жағдайы қауіпсіз. Оларға психолог мамандар көмек көрсетіп жатыр», – деді Жамбыл облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Дәурен Бағжанов.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр