Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмды

27 қаңтар күні Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде алған жарақат салдарынан мерзімді әскери қызметші қаза тапты.

gov.kz

Астана, NEGE. Аталған дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылып, істің барысы Бас прокуратураның жеке бақылауына алынды.

Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау мақсатында қорғаныс министрінің орынбасары, бас әскери прокурор және ІІМ әскери-тергеу департаментінің басшысы оқиға орнына барды.

Сонымен қатар, комиссия еліміздің әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің сақталуы мен қауіпсіздік талаптарының орындалуына қатысты тексеру жүргізеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр