Жамбыл облысында 13 жастағы қарындасын зорлады деп айыпталған екінші күдікті ұсталды

Оның Шу ауданынан 60 шақырым жерден ұсталғаны белгілі болды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 12 жастағы қарындасын алты жыл бойы зорлап келді деп күдікке ілінген екі ағайындының екеуі де ұсталды. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті мәлімдеді. 

«Мойынқұм ауданының аумағында Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі (жас балаға қатысты зорлау әрекетін жасау) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде болған ер адам ұсталды. Ол Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан табылды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада. 

Қыз анасымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығында. Жасөспірімнің құрсағында 7 айлық бала бар екені белгілі болды. 

Еске салайық, 13 жастағы қыз алты жыл бойы әкесінің бауырларынан зорлық көрген. Жеткіншек зорлық-зомбылық туралы психологқа айтуға тырысқан, алайда оның сөзін елемеген. Мектеп тарапы ешқандай шара қолданбаған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр