Жамбыл облысы аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты қонды: Қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді
2 маусымда Жамбыл облысы Талас ауданы аумағына Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараты жоспардан тыс қонды.
Астана, NEGE. Қорғаныс министрлігі өкілдерінің нақтылауынша, оқиға жоспарлы оқу-жаттығу кезінде болған.
«Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп төнген жоқ», – делінген ресми хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, ұшқышсыз ұшу аппаратының штаттан тыс қонуына техникалық ақаулар себеп болған.
Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Қазіргі уақытта аумақты тексеру және оқиғаның себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.