Жамаубаев вице-премьер болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жарлығымен Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымынан босатылды», – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.