«Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасы тікелей эфирде көрсетіледі

Аза тұту күнінде «Хабар агенттігі» АҚ мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді, - деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Алматы, NEGE. 2020 жылдың 13 шілде Жалпыұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады. «Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасын Qazaqstan ұлттық арнасы 11:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді. Аза тұту күнінде «Хабар агенттігі» АҚ мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Қошанов иттерді күтіп ұстауға бөлінген миллиардтардың мақсатты жұмсалғанына күмән келтірді

Энрике Иглесиасқа Қазақстанда жанкүйерлерін сүюге рұқсат етіле ме?