Жалғыз сүңгуір қайық әлемді жарты сағатта жоқ қыла алады

National Interest журналы жер бетін жарты сағатта жермен-жексен ете алатын бес сүңгуір қайықтың тізімін жасады. Олардың арасында үш ресейлік субмарина мен екі америкалық сүңгуір қайық бар.

Бұл бес сүңгуір қайықтың қатарына қазір қолданыста жүргені мен жақында қатарға қосылатындары кіріпті.

Алматы, NEGE. Мақала авторы бір ғана сүңгуір қайықтың жарты сағат ішінде бір мезетте 200 жүзден астам қаланы радиоактивті күлге айналдыра алатынын жазады. Бұл қайықтар адамзат тарихындағы ең жойқын күшке ие қару ретінде аталады. Автордың жазуынша, ресейлік 955А «Борей», 667БДРМ «Дельфин» және 885М «Ясень-М» сүңгуір қайықтары АҚШ-қа үлкен қатер төндіреді, себебі олар жағаға 2 мың шақырымға дейін жақындап, сол тұстан АҚШ-тың орталық бөліктерін нысанаға алуға қауқарлы екен. Ал жер бетіне қауіп төндіретін америкалық сүңгуір қайықтар ретінде «Огайо» және 2031 жылы қатарға қосылатын «Колумбия» аталған.  

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті